Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • ru
  • Жаңалықтар

    8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі

    Ана – өмірдің шуағы. Дәл осындай атаумен наурыз айының 7-күні мектебімізде 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында 10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өткен болатын. Мерекелік кешті алғы сөзімен мектебіміздің директоры Батыров Ж.К. әйелдер қауымын құттықтап, нәзік жанды аруларға, аналарға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар бұл мерекелік кеште қажымай еңбек етіп, үлгі болып келе жатқан ұстаздарымыз, яғни еңбек озаттары қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталып, барлық әйелдер қауымына гүл шоқтары табыс етілді. Бұл күні ардагер ұстаздарымызда назардан тыс қалмай, кештің сыйлы қонақтары болды.
    Бұл мерекелік кешті оқушыларымыз үш тілде жүргізіп, мектеп қабырғасында үйреніп-білгендерін ортаға салды. Аталған кеште мағыналы, әсерлі қойылымдар шебер көрсетіліп, әндер айтылып, би биленді.
    Оқушыларымызға мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз!













    08.03
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки